17 Қырқ 2020
Материал Жамбыл

Мектеп туралы

Мектеп туралы жалпы мінездеме

 

 

Атырау қаласы, Жаңаталап селосындағы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалімдердің кәсіптік мәдени, шығармашылық өсуін қамтамасыз ету, педагогикалық қызметтің жаңа мазмұны, технологияларын және әдістерін меңгерту, пән шеңберінде жаңашылдық қызмет ұйымдастыру, табысты педагогикалық тәжірибені анықтау, насихаттау және мектеп жұмысының тәжірибесіне енгізуге бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.

Мектеп қабырғасы 1978 жылы қаланған, сыйымдылық қуаты 464 балаға арналған. Мектептегі мұғалімдер саны алпыс бес, оның ішінде жоғары санаттысы 6, бірінші санаттысы 15, екінші санаттысы 23. Мектепті 2015-16 оқу жылының наурыз айынан бастап Ибрашев Жәнібек Ахотұлы басқарады. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, Қазақстанның гүлденуіне, білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің қатары жылдан-жылға көбеюде. Білім саласындағы жаңалықтар, жетістіктер мен ұстаздардың озат тәжірибесін бір-бірінен үйренуде, ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде аталған білім ұясында жетістіктер мол.

Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында мұғалімдерді оқыту курстары бойынша  қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Б.Қалимова, биология пәні мұғалімі Ж.Фазылова ілгері деңгей бағдарламасымен курстан өтіп, мектеп мұғалімдері арасында «Зерде» желілік қоғамдастық  жоспары бойынша  жұмыстар жүргізуде. ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша 6 мұғалім курстан өтіп, жұмыс жасауда.

Мектебімізде бір мультимедия және информатика кабинеті, жаңа модификациялық үлгідегі биология және химия кабинеттері, 5 арнаулы интерактивтік құралдармен жабдықталған пән кабинеттері, спорт зал, спорт алаңы, шеберхана, кітапхана, асхана, медициналық кабинет оқушыларға қызмет етеді.

Мектеп ұжымы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен, Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжімен, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ, облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтымен, жаңа ақпараттық технология орталығымен, облыстық және қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

2015/16 оқу жылында оқушылар қалалық байқау, сайыстарға қатысты. Пән олимпиадасы бойынша бастауыш сынып,тарих, математика, биология, құқық пәндерінен І,ІІ,ІІІ орындар алды. (Пән мұғалімдері Г.Көшмұханова, Ж.Фазылова, К.Танова, Л.Сейтешова, Ш.Жұбаниязова) және халықаралық конкурстардан шет тілі пәні бойынша оқушылар І,ІІ,ІІІ орындар алды. (Пән мұғалімі А.Измагамбетова)

Қалалық Абай-Шәкәрім оқуларынан 10 сынып оқушысы Г.Танатарова ІІ орын(пән мұғалімі А.Умарова), қалалық Ы.Алтынсарин оқуларынан 7асынып оқушысы Г.Сырлыбай ІІ орын (пән мұғалімі Б.Қалимова), қалалық Жұмекен оқуларынан 8асынып оқушысы А.Жұмахмет І орын (пән мұғалімі А.Умарова), Пушкин оқуларынан 9ә сынып оқушысы А.Мұхитова ІІІ орын(пән мұғалімі Э.Ермекова), қалалық ғылыми жоба сайысынан 8асынып оқушысы Өскінбаева Жанерке ІІ орын(пән мұғалімі Ж.Фазылова), қалалық, облыстық Алау-2016 сайысынан мектеп командасы І орынды иеленді. Қалалық «Жас табиғат зеттеушісі» сайысынан 10 сынып оқушысы Ислямова Наргиза І орын, қалалық «Жас химик» байқауынан 10 сынып оқушысы Ислямова Наргиза ІІ орын(пән мұғалімі Н.Гумаров) алды.

Оқу жылы ішінде Қазақстандық интернет олимпиадаларына оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті, математика, химия, биология пәндерінен қатысып, қалалық және облыстық үздік нәтижеге ие болды. (Пән мұғалімдері Б.Қалимова, А.Измағамбетова, Л.Какимова, Н.Гумаров, Ж.Фазылова)

Мұғалімдер жыл ішінде қалалық, сайыс, байқау олимпиадаларға қатысты. Қалалық бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы «Ең үздік сынып жетекші» Б.Иманғалиева ІІ орын, қалалық «Тұнық жырдың тұмары» эссе байқауынды Б.Қалимова ІІІ орын, республикалық қашықтық олимпиадаларынан қазақ тілі, шет тілі, пәндері бойынша Б.Қалимова, А.Измагамбетова, Л.Какимовалар жүлделі ІІ,ІІІ орындарға ие болды

 

 

 

Атауы:

Қалалық білім бөлімінің "жалпы білім беретін Жамбыл атындағы орта мектеп" КММ

Оқу тілдері:

Қазақша

Түрі:

Орта

Бейіні:

Жалпы білім

Бір айлық базалық құны:

бастауыш; орта; жалпы орта: тегін

Құрылған жылы:

01.01.1978

Лицензияның нөмірі:

№0158753

Қосымша жабдықталуы:

жоқ

Телефоны:

+7 (7122) 25-83-33; +7 (7122) 25-83-21;

Email:

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Web-сайт:

jambyl.goroo-atyrau.kz

Мекенжайы:

Атырау, Жаңаталап а,. Х.Сұлтанов көшесі, үй 70А


ТАӘ: Ибрашев Жәнібек Ахотұлы
Лауазымы: Директор
Жасы: 59
Негізгі білімі: Қазақ мектептеріндегі орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Санаты: Зерттеуші
Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі:  36
Басшының жалпы жұмыс өтілі:  10
Наградалары және белгілері: ҚББ «Алғыс хаты», ОББ «Алғыс хаты», Қала әкімінің Құрмет грамотасы
Сыныптар Сынып жетекшісі Оқу тілі Оқушылардың саны Бос орындар
КОЙБАКОВА Б. С. Қазақша 24 16
БАШИЕВА А. Ш. Қазақша 23 17
САХАШОВА Н. Х. Қазақша 23 17
ДАЙРАБАЕВА А. Т. Қазақша 24 16
КАДЕСОВА С. А. Қазақша 26 14
МЫРГАНБАЕВА М. А. Қазақша 25 15
ДЮСЕБАЕВА А. О. Қазақша 24 16
ЖУМАХАНОВА Ж. А. Қазақша 24 16
МЫҢБАЕВА Б. Н. Қазақша 24 16
АМИРЖАНОВА С. К. Қазақша 23 17
ИЗМУХАНОВА С. Т. Қазақша 25 15
БЕКЕНОВА З. Н. Қазақша 24 16
ЖАНГАТАЕВА Д. М. Қазақша 25 14
РАХИМЖАНОВА А. Р. Қазақша 25 15
БЕКЕШЕВА А. З. Қазақша 24 16
ЖУБАНЯЗОВА Ш. Б. Қазақша 7 13
ИМАНГАЛИЕВА Б. С. Қазақша 23 17
НИСАНОВА Э. К. Қазақша 21 19
ЖАУЫНБАЙ М. А. Қазақша 24 16
РУСЛАНҚЫЗЫ А. Қазақша 22 18
ИЕМЕНОВА Ш. О. Қазақша 5 15
УМБЕТКАЛИЕВ А. С. Қазақша 27 13
МАХМУДОВА Э. Н. Қазақша 26 14
ТӨЛЕБАЕВА А. Ж. Қазақша 26 14
МУХИДЕНОВА Ж. Е. Қазақша 25 15
ТОЛЕБАЕВА Ж. Ж. Қазақша 23 17
САРМУРЗИНА М. Б. Қазақша 23 17
МАҚАШЕВА Ж. Ж. Қазақша 23 17
УТЕГЕНОВА З. А. Қазақша 23 17
КАСЕНОВА А. Т. Қазақша 24 16
КАБДОЛОВА Г. А. Қазақша 24 16
ЖАУЫНБАЙ Р. Ә. Қазақша 26 14
ОМАРОВА А. У. Қазақша 18 22
АХМЕТОВА М. К. Қазақша 22 18
АХМЕТОВА Г. А. Қазақша 22 18
ШАРАГУЗОВА Н. А. Қазақша 20 20
САЛИКОВА А. Е. Қазақша 21 19
УСЕНОВА Б. М. Қазақша 21 19
10Ә УТЕГАЛИЕВА А. А. Қазақша 12 28
10А УМАРОВА А. К. Қазақша 15 25
11Ә МУКАШЕВА Г. Ж. Қазақша 11 29
11А САЛИХОВ Ж. Т. Қазақша 10 30